Құрылтай

Бейсенбі, 16 шiлде, 18:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Аумақтан тыс соттылық қағидаты – сот төрелігінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететін маңызды тетік

16.07.2026

48 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ


Сот жүйесінің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін әділ қорғау. Осы міндетті тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында сот өндірісін жетілдіруге бағытталған бірқатар реформалар жүргізілуде.

Солардың бірі – аумақтан тыс соттылық қағидатының енгізілуі. Аумақтан тыс соттылық – сот ісін белгілі бір өңірдегі сотқа ғана тәуелді етпей, заңда көзделген жағдайларда басқа өңірдің сотына беру мүмкіндігін қарастыратын құқықтық тетік. Бұл қағидат сот төрелігінің тәуелсіздігін нығайтуға, соттарға түсетін жүктемені теңестіруге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Бұл жүйенің басты артықшылығы – істерді бөлу кезінде адам факторын барынша азайту. Істер автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы кездейсоқ таңдау әдісімен бөлінеді. Соның нәтижесінде қандай істі қай сот қарайтыны алдын ала белгілі болмайды. Бұл сот процесінің ашықтығы мен әділдігіне деген қоғам сенімін арттырады.
Сонымен қатар, аумақтан тыс соттылық өңірлер арасындағы сот жүктемесін тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Егер белгілі бір сотта істер шамадан тыс көбейсе, олардың бір бөлігі басқа соттардың қарауына берілуі мүмкін. Бұл істердің заңда белгіленген мерзімде қаралуына оң әсер етеді.
Цифрлық технологиялардың дамуы бұл қағидатты іске асыруды едәуір жеңілдетті. Бүгінде сот отырыстарына бейнеконференцбайланыс арқылы қатысу мүмкіндігі бар. Сондықтан істің басқа өңірдегі сотта қаралуы тараптардың құқықтарын шектемейді және қосымша қолайсыздықтар туғызбайды.
Аумақтан тыс соттылық қағидаты сот төрелігінің қолжетімділігін арттыруға, соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды құқықтық институт болып табылады. Бұл қағидат заң үстемдігін нығайтуға және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға қызмет етеді.
Сот жүйесін одан әрі жетілдіру – құқықтық мемлекет құрудың маңызды бағыттарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, аумақтан тыс соттылық қағидатының тиімді жүзеге асырылуы әділ, ашық және тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

С.Ғалымдоллаұлы
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: