Конституция

Жұма, 03 шiлде, 15:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Дабыл сөмкесі: жедел әрекет етуге әзірлік

29.06.2026

18 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Қызмет үшін «ыңғайлы уақыт» деген ұғым жоқ. Қырағылық – тәулік бойы жалғасатын міндет. Себебі, бұл салада кез келген минут шешуші мәнге ие. Белгі берілгенде бас құрап, жұмыла қалатын қызметкерлердің уақытпен санаспайтыны содан. Бұл ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі жеке құрамның “дабыл сөмкесін” жіті тексерді.

Түпкі мақсат – күтпеген жағдайларға кәсіби дайындықты күшейтіп, сенімді әрекет ету әзірлігін арттыру. Иә, нақты талап пен қатаң тәртіп сақталған жерде жұмыс та жүйелі жүреді. Тексеру барысында қызметтік куәліктердің болуы, қызметтік сөмкелердің толық жабдықталуы, қажетті құралдардың талапқа сәйкестігі және жарамдылық мерзімі мұқият қаралды.

– Алдын ала қамдану – жауапты қызметтің бұлжымас қағидасы. Демек, әр қызметкер де, оның қызметтік жабдықтары да кез келген уақытта пайдалануға дайын болуы қажет. Жоспарлы тексерулердің негізгі мақсаты – осы талаптардың сақталуына көз жеткізу. Сондықтан, мұндай бақылау – жеке құрамның кәсіби даярлығын тұрақты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді, – дейді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры М.Ұзақұлы.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: