Сәрсенбі, 26 тамыз, 20:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64 (2276)
25.08.2026
PDF мұрағаты

Кеселге қарсы қалыптасқан көзқарас

29.06.2026

86 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Болашаққа балта шабатын ең қауіпті кеселдердің бірі – есірткі. Ол адамды тәуелділіктің құрсауына түсіріп, еркіндігін тұсаулайды. 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл облыстық Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Кездесу барысында есірткінің адам ағзасына, сана-сезіміне және өмір жолына тигізетін ауыр зардаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заңсыз есірткі айналымының құқықтық салдары мен қоғамға келтірер зияны кеңінен сөз болып, өмірдің ең үлкен байлығы – денсаулық пен дұрыс таңдау екені ерекше айтылды.

Мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Мирамбек Ұзақұлының айтуынша, мұндай кездесулер жазасын өтеушілердің өмірлік құндылықтарды қайта бағамдауына мүмкіндік береді.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: