Сенбі, 21 желтоқсан, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Киік»: Қызылордада 10 күнде 31 адам құқық бұзған

14.12.2020

870 0

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 01-31 аралығында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

10 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 31 дерегітіркелді.Оның ішінде, 1 қылмыстық және 30 әкімшілік құқық бұзушылықтар.

          Қазіргі таңда 1 дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-1 бабының 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) терге-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 382-бабымен(жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) барлығы 22 құқық бұзушылық анықталды.

Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының
1,2,3,4-бөліктерімен барлығы 8 дерегі тіркелді.

           Кең даланың киесі атанған киіктерді  аяусыз  ату деректері тыйылмай тұр.   Қаскөйлер құрып кетуге жақын тұрған киіктерді атып, бас пайдасына жаратып, оңай олжа іздейді.

         Жуырда Сыр өңірінде тағы бір заңсыз аң аулау дерегі орын алды. Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өтіп жатқан «Киік» шарасы барысында 5 желтоқсан күні кешкі уақытта күдікті автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан атылған киік анықталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: