Сәрсенбі, 24 сәуiр, 05:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация үйінде сотталғандармен кездесу өтті

22.09.2021

779 0

Қызылорда қалалық Пробация үйінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен кездесу өтті. Кездесуге облыстық прокуратурасының басқарма қызметкерлері, қалалық прокуратура қызметкерлері, пробация қызметкерлері және пробация есебіндегі 20 сотталған қатысты. Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар, қайта қылмысқа бармау жөнінде профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса сотталғандарға сот жүктеген міндеттерді орындауға, тұрғылықты мекенжайын ескертусіз ауыстырмауға және түнгі мезгілде тұрғылықты мекенжайынан шықпауды ескертті.

Кездесу соңында сотталғандар прокуратура қызметкерлеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Қалалық пробация қызметінің бастығы Б.Наурызбаевтың айтуынша қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден астам сотталған есепте тұр. Оның ішінде 15 сотталған сот жүктеген міндеттерді орындамай, бірнеше рет қаскөйлікпен жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілген.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: