Жұма, 21 қаңтар, 22:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (1810)
18.01.2022
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегілер мұражайға барды

12.08.2021

205 0

Бүгін, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі 18-29 жас аралығындағы 15-ке жуық сотталғанға 80 жылдық тарихы бар облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды.

Музей қызметкері есептегі азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып,оларға музейдің залдары, ондағы экспонаттар туралы кеңінен таныстырды. Сондай ақ, өлке тарихы туралы тың ақпараттар берді. Төл тарихымызбен ұлттық идеологиямызды насихаттайтын рухани- мәдени орталықтың қорында 55 мыңнан астам экспонат сақтаулы. Сотталған азаматтар өлкенің табиғатын, халқымыздың өнері мен тұрмысын, салт дәстүрін және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарындағы маңызды оқиғаларды айшықтайтын 14 залды аралап, тамашалады.

«Музейге экскурсия жасау барысында тарихи құнды, өзіндік маңызы бар қаншама экспонаттармен таныстық. Өткеніміздің тарихынан сыр шертетін залдарды аралап, артына өшпес мұра қалдырған өлкемізде өмір сүрген би-шешендер,батырлар өнер иелері және Тәуелсіз Қазақстанның айшықты оқиғаларынан туралы мол мағұлмат алдық. Музейден үлкен әсер алып, рухани тұрғыда байып қайттық. Осы шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлерімен музей қызметкерлеріне алғысы шексіз»,-деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: