Жексенбі, 05 мамыр, 02:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Мал базарында қалта ұрысын адамдар жабылып соққыға жықты

24.07.2023

332 0

Түркістан облысының Сайрам ауданында бірнеше адамға қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Олар топ болып бір адамды соққының астына алған. Telegram-каналдарда аталған оқиғаның видеосы тарады. Куәгерлердің сөзінше, соққыға жығылған ер азамат қалта ұрысы болып шыққан. Ұрлық үстінде ұсталған оны сол маңдағы адамдар жабылып ұрып, жазаламақ болған.

«Оқиға орнына сол маңға жақын жүрген полицейлер жіберілді. Олар бір адамға жабылған бірнеше ер адамды ұстады. Бәрі де полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сұралып жатыр», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұрлық жасады деген адамның үстінен полицияға ешкім арыз түсірмеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: