Жұма, 26 сәуiр, 02:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мотокөліктердің қоғамда қауіпсіз жүріп тұруы маңызды рөлге ие

02.06.2021

880 0

Жол қозғалысына қатысушы мотокөлік (мотоцикл) техникалары жеңіл автокөліктерден ағымы аз болғандықтан көзге көрінбегенімен, қоғамда мотокөліктердің мемлекеттік белгісіз, тиісті құжатсыз басқарылуы сондай-ақ, техникалық жай-күйінің талапқа сәйкес келмеуі (тиісті жарық шамының жанбауы, бұрылу белгісін беретін шамдарының мүлдем болмауы немесе жанбауы) ауыр жол апаттарына әкеліп соқтыруда.

Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңының мотокөліктерді басқару заңмен белгіленіп, тиісті талаптар қойылып, тіркеу, мемлекеттік белгісін алу, құжаттандыру, мотокөліктің жүргізушісі  мен әрбір жолаушысы бас аймағын қорғайтын дулығамен (каска) қамтамасыз етілуі нақты көзделген.

Ауылдық жерлерде халыққа қол жетімді бақшалығы мен мал шаруашылығына пайдалануға ыңғайлы жалпы шаруаға мотокөліктің пайдасы өте зор екендігін біздер жақсы түсінеміз. Осыған орай оларды жауапқа тарту біздерге де, ұнамды дүние болып саналмайды. Сондықтан, полиция қызметкерлері тұрғындарды заңның талаптарын орындаудағы жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырады.

Жол қозғалысына қатысушы көптеген мотокөліктердің құжатсыз басқарылуы, жарық шамдарының мүлдем болмауы, артық адамдар мінгізіп тасымалдауы, мотокөліктің техникалық жай-күйіне қойылатын талаптардың сақталмауы жол қозғалысына тікелей жауапты болғандықтан полиция қызметкерлерін қатты алаңдатады.

Осындай мотокөліктермен жасалуы мүмкін келеңсіз жағдайлар мен ауыр жол апаттарының алдын-алу және болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі ауданы Полиция бөлімімен  аудан көлемінде «Мотоцикл» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.

Іс-шараның кезінде мотокөлікті құжатсыз басқару және техникалық жай-күйінің талапқа сәйкес келмеу дерегінің 21-і анықталып, мотокөліктер айып тұрағына жеткізілген.

Сондықтан, облысымыздың әрбір тұрғынына жеке өзінің және өзгенің өміріне бей-жай қарамай мотокөліктерін заңдастырып тіркеу, оларды басқару кезінде жол ережесі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: