Бейсенбі, 10 қазан, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Өзгеріс халық игілігі үшін

03.04.2021

859 0

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының «Азаматтық процестік кодексіне сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Өзгерістер, негізінен, жүйе жұмысын заманауи форматтар көмегімен жандандыруды, артық сот рәсімдері мен шығындарды қысқартуды көздейді.

          Соның ішінде, қолданыстағы Азаматтық процестік кодекс соттарды артық сот рәсімдерінен, атап айтқанда, процестік мерзімді қалпына келтіру, мүлкі өндірілген ақша сомасын индекстеу, хаттамаға, аудио, бейнежазбаның мазмұнына ескертулер және басқа да мәселелер бойынша сот отырысын өткізу міндеті алынып тасталды. Сонымен қатар, бұрын сот отырысын тағайындау, іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау, талап қоюды қамтамасыз ету шараларының күшін жою, татуласу келісімін бекітуден бас тарту, оңайлатылған іс жүргізуден жалпы талап қою ісін жүргізуге көшу, талап қоюды жазбаша іс жүргізуге қабылдау, хаттамаға, аудио-бейнежазбаға ескертулердің дұрыстығын куәландыруда сот ұйғарымы шығарылатын. Бұл талап та күшін жойды. Бұрын партисипативтік рәсім адвокаттар қатысуымен ғана жүргізілетін. Жаңа кодекс талабына сәйкес, енді бұл рәсімге заңгерлер палатасының мүшелері де қатыса алады.

          Жаңа заңнаманың жаңалығы аз емес. Соның бірі-сотқа қатысушы ретінде аудармашының, сот приставының рөлі белгіленді. Процеске қатысушылардың техникалық құралдарды пайдалану тәртібі реттелді. Енді соттар қатысушыларға азаматтық және әкімшілік істер бойынша талқылаудың тек аудиожазбасын беретін болды. Ал, аудио, бейнежазба материалдарымен танысу құқығы сақталды.  Айтып кеткен шаралардың бәрі халық игілігі, оларды әуре-сарсаңға салмай, құқықтары мен бостандықтарын әділ қорғау үшін жасалуда.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі
А.Кайбалдиева

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: