Сәрсенбі, 24 маусым, 16:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Қостанай облысында 24 тонна спиртті заңсыз әкетудің жолы кесілді

24.06.2026

55 0

Фрир: magnific.com

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Қарабалық ауданындағы «Кайрак» өткізу пунктінде облыстық Экономикалық тергеп-тексеру және шекара қызметі департаменттері этил спиртін жалған құжаттар арқылы елден тыс жерлерге заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Жеке тұлғаның республиканың оңтүстік өңірлерінен акцизделетін өнімді тасымалдауға лицензиясыз және кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркеусіз айтарлықтай мөлшерде тасымалдағаны анықталды.

Салық салу объектісін жасыру мақсатында ілеспе құжаттарда жүк «алма сірке суы» ретінде көрсетілген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды, кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз, акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тасымалдаумен ұштасқан жүзеге асыру үшін.

Қарабалық аудандық сотының 2026 жылғы 4 маусымдағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл мемлекет пайдасына 24 тонна этил спиртін тәркілей отырып, 786 400 теңгені құрайды. Үкім заңды күшіне енді.

Өңірде алкоголь өнімінің заңсыз айналымының жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: