Құрылтай

Жұма, 17 шiлде, 11:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Қызыл жалынға қарсы қырағы қадам

26.06.2026

197 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Жалынның жойқын күшіне төтеп беру үшін дайындық бәсеңдемеуі тиіс. Апатты жағдайда абдырап қалмаудың бірден-бір кепілі де сол. Осы қағиданы ұстанған ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеме қызметкерлері Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып, тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Дабыл қағылған сәттен бастап, дамыл таппайтын жеке құрам қызметкерлері бұл жолы да жүйелі жұмыстың үлгісін көрсетті. Өртті өршітпеудің алдын алып, құрал-жабдықты дұрыс қолдануға мән берді. Демек, қызметкерлер қауіптің бетін қайтаруда қауқарлы болуды қаперден шығармайды деген сөз.

– Төтенше жағдайға дайын болу – күнделікті қызметіміздің ажырамас бөлігі. Өйткені, қауіптің қашан және қай жерден келетінін болжау мүмкін емес. Сондықтан, жеке құрамның дайындығын тұрақты түрде жетілдіріп отыруға баса мән береміз. Оқу-жаттығу өз мақсатына жетіп, қызметкерлердің тәжірибесін толықтыра түсті. Жоспар бойынша дайындықты күшейту жұмысын жүйелі түрде жүзеге асыра бермекпіз. Бір мақсат жолында ұйыссақ, қауіпсіздіктің берік қалқаны қалыптасатыны анық, – дейді Режим және күзет бөлімінің ВӨК инспекторы, әділет кіші лейтенанты Қ.Дүкенбаев.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: