Сейсенбі, 23 сәуiр, 18:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мас жүргізуші ұсталды

22.02.2021

1141 0

2021 жылдың 20 ақпан күні түнгі уақытта 23:20 Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 46 жастағы облыс орталығының тұрғыны мас күйінде болып шықты. Тексеру барысында бұл азамат сот шешімімен 20 қаңтар 2021 жылы 6 айға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды, жүргізуші қамауға алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: