Бейсенбі, 02 мамыр, 13:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер есірткі зертханасын жойды

03.04.2024

383 0

Қызылорда облысында полиция есірткі зертханасын жойды. Қызылорда облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұл бағытта жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Іс-шара барысында заңсыз есірткі қылмысымен айналысқан 52 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

«Тексеру барысында оның тұрғылықты мекенжайынан ішінде арнайы фито-зертханасы бар жылыжай анықталды. Бөлменің қабырғасы пластик фольгамен қапталған. Өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты жарықтандыру құрылғысы және суаруға арналған құрал-саймандар тәркіленді. Полиция қызметкерлері зертхана ішінен 214 түп қарасораны заттай дәлелдеме ретінде тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 келіге жуық екені анықталды. Одан бөлек тұрғылықты жері бойынша сарай ішінен 8 газет қиындысына, 6 полиэтилен пакетке және пластикалық бөтелкеге салынған өзіне тән ерекше хош иісі бар кептірілген шөп тәріздес заттар алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше. сараптама қорытындысына сәйкес осы тәркіленген заттар жалпы салмағы 5,4 келі кептірілген марихуана, 4,65 грамм гашиш болып шықты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: