Жексенбі, 06 қазан, 02:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық тұрғын мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған

28.12.2020

837 0

      Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен аймақты аралау барысында 27 желтоқсан күні сағат 02:35 шамасында «Қызылорда-Құмкөл» тасжолының 107 шақырымында Қызылорда қаласының 23 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ланд Крузер» автокөлігі тоқтатылған.

      Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан еш құжаты жоқ арнайы ыдысқа құйылған 500 литр мұнай өнімін тасымалдап келе жатқаны анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

      Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабының 1-бөлігімен (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: