Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жауапты қызметтегі нәзік жан

21.06.2022

1317 0

Полиция – бұл қатаң қыз­мет пен темірдей тәртіпті талап ететін қызмет. Алайда жауапкершілігі мол бұл салада еңбек етіп жүрген аяулы аруларымыз да бар. Нәзіктік десе ең алғаш ойға келетін әйел қауымының ішкі істер органында еңбек етуі бүгінде таңсық емес. Алайда осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметте елеулі еңбек етіп келе жатқан нәзік жандар қашанда мақтауға лайық.

Қалалық полиция басқар­масы жергілік полиция бө­лімінің ювеналды полиция бөлімшесінде еңбек ететін Айжан Акбар 2010 жылдан бері полиция қызметкері. Өзінің академияда оқып жат­қан ағасына қызыққан, одан бөлек нағашы атасының жо­лын қусам деген арманмен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алған. Тергеу-криминалист маман­ды­ғында білім алған азаматша ең алдымен тергеуші болып қызмет атқарған.

− Бұл қызметтегі әйел адамға ең бірінші кезекте отбасы мен қызметті қатар алып жүру қажет. Бала тәрбиесі, отбасының қамын ойлаумен бірге жұ­мысты да жүйелі жүр­гізуіміз керек. Мұндай қиындыққа біздің полиция арулары еш мойымайды. Олар барлығына үлгеруге, әр істі тиянақты жүр­гізугі әбден үйренген, − дейді полиция капитаны Айжан Мақсұтқызы.

Бүгінгі күні қалалық по­ли­ция басқармасының юве­налды полиция бөлімшесінде еңбек ететін полиция кәмелетке тол­маған балалармен жұмыс істейді. Бей мезгіл уақыт­та балалардың көшеде жүр­меуінен бас­тап жасөпірім­дер арасындағы қылмысты болдырмау секілді міндеттерді атқаратын аза­матша қызметіне адал. «Әлі күнге дейін топтық төбелестер тоқтамай тұр. Соның барлығын күндіз-түні бақылап, қылмысты бол­дырмау мақсатында ең­бектеніп жүрміз. Қиын қыз­мет болғанмен осы саланы өзім таңдап келгендіктен, өзім қалаған мамандық бол­ғандықтан мұндай қиын­дықтарды тез ұмытасың. Жұмыс барысында кейде мо­ральдық қиындық та кез­деседі. Мәселен, қоғамда өз баласының тағдырына, өміріне бей-жай қарайтын ата-аналар бар. Ювеналды полиция бө­лімшесінің мамандары он­дай адамдарды ата-ана құ­қығынан шектеуге, айыруға жұмыс істейді. Алайда өзің ана болғандықтан, баланың ата-анасыз өмір сүруі қиын екенін білгендіктен жаныңа бататын кездер болады. Сол үшін көбіне баланың әкесі не анасының түзелуіне, балаға дұ­рыс қарауға үгіттейміз», − дейді ювеналды полиция қыз­меткері.

Кейіпкеріміздің айтуынша, бұл салаға келу үшін ең бі­рінші тәртіп пен адалдық болуы керек. Полиция қатаң тәртіптің адамы. Сондықтан аталған қасиеттердің алар орны ерек­ше. Ал формадағы аяулы жанның бойында мұндай қасиеттерді қалыптастыруға ең алдымен оқу орны, содан кейін қызметінің бірінші жыл­дарында тәлімгерлік еткен Айгүл Досымова өз үлесін қосқан. Нәзік жанды құқық қорғау қызметкері бүгінде зейнет жасындағы апайына және тергеуші Бақытжан Қапбарға алғаусыз алғыс білдіретінін де жасырмады. Алдағы уақытта кейіпкеріміз де қызметін адал, аман-есен атқарып, осы саладан зейнетке шығуды мақсат еткен.

«Мен үшін полиция – қо­ғам тыныштығын сақтаушы, көпшілік үлгі алатын азамат. Бүгінде біз қоғамның оң пі­кірін қалыптастыру үшін, қылмысты азайту мен қыл­мыскерді жауапкершілікке тарту үшін барлық күшімізді салып еңбек етіп келеміз. Енді тек әр азамат өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, заң алдында ар тазалығын сақ­тағаны қажет», − дейді учас­келік полиция инспекторы Айжан Мақсұтқызы.

Ювеналды полиция қыз­меткері отбасында да бала­ларынан ең алдымен тәртіпті талап етеді. Өзі осы салада қызмет етіп жүргендіктен балаларының бей-берекет кө­шеде жүрмеуін, өзгенің ар-ожданы мен денсаулығына зиян келтірмеуін ескертіп отырады. «Тәртіпке бағын­ған құл болмайды» деп ба­тыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бекер айтпа­ған. Балаларыма да осы ұғымды түсіндіріп, әркез адалдық және адамдық қасиеттерін сақтап қалуын саналарына сіңдіріп отыра­мын», − дейді кейіпкеріміз.

А.ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: