Жұма, 26 сәуiр, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Басты мақсат – ауыл өмірін жақсарту

04.02.2023

1871 0

– Ауылды дамытуға нақты қандай қадамдар жасалуда?

– Қосшыңырау ауылдық округі Абай және Досан елді мекендерінен тұрады. Бүгінде халық саны 3643 адамға жетті.

Ауылды дамыту бағытында округ бойынша өзекті мәселелер зерделеніп, тиісті шаралар атқарылып келеді. Бұған дейін Абай, Досан елді мекендерін газдандыру, жолдарын жөндеу, Досан елді мекеніне талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету, жол жөндеу және көше жарығын орнату жұмыстарына жобалар әзірленген болатын. Бұл жобалардың бар­лығы қаржыландыру мақсатында құзырлы орындарға бюджеттік өтінімдер ұсынылған. Қазіргі таңда Абай ауылын газдандыруға және 2 көшеге қиыршық тас төсеуге қаржы қаралды.

Сонымен қатар Досан елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 көшеге орташа (асфальт) жол жөндеуге, қиыршық тас төсеуге және көшені жарық­тандыруға қаржы қаралды.

Бұдан бөлек, жыл көлемінде қаржы бөлінген жағдайда Досан елді мекенінен талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету және медициналық бекет салу жоспар­да бар.

Өткен жылы Ел Президенті ұлтымыздың берекелі бастауы – ауылды дамытуға мән берді. 2022 жылғы 26 қарашада Президент «Қазақстанның ауылдық аумақтарын да­мытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы бағытта ауылды дамытуға мән  берілуде.

– Ауылда есіміңіз қалатындай қандай іс атқардыңыз?

– Халықтың әл-ауқатын көтеру – мем­лекеттің стратегиялық негізгі мақсаты. Әрине, басты міндетіміз – тұрғындардың әлеуметік-экономикалық жағдайын жақ­сарту. Негізгі бағыт – ауылдағы өмір сапасын жақсарту. Соңғы жылдары ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән берілуде. Осы бағытта тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Ауыл ажарланса, дамудың қарқын алғаны.

– Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі қалай шешімін табуда?

– Қоғамның негізгі қозғаушы кү­ші – жастар болғандықтан, оларға әрқашан көңіл бөлу маңызды. Округте жалпы саны – 705 жас  бар. Жұмыссыз жастар саны – 10. Ауылда жастарға барлық салалар бойынша қолдау көрсетіліп келеді. Өткен жылы жастар арасынан 5 адамды қоғамдық жұмысқа қабылдадық. Бұдан бөлек жыл көлемінде 5 адамды  жастар тәжірибесімен қабылдау жоспарда бар. Сонымен қатар ауылдық округте биыл жүзеге асатын жобаларға газдандыру, жол жөндеуге жастарды жұмысқа тартуға байланысты тиісті шаралар қабылданды. Жастарды ауылға тұрақтандыруға мән берген дұрыс. Елімізде жастарға жаңа мүмкіндіктер беріліп, олардың ауылдарда тұрақтап қалуына ерекше көңіл бөлінуде. Одан бөлек биыл жас кәсіпкерлер де көбейеді деген сенім бар. Себебі жастар 2,5 пайызбен берілетін жеңілдік олардың кәсіп ашып, жаңа жұмыс орындарын ашуға берілген үлкен мүмкіндік. Сондықтан да осы бағытта түсіндірме жүргізіп, ауыл жастарын жұмыспен қамтуды қолға аламыз.

– Округті өркендетуге кәсіпкерлердің үлесі қажет екені белгілі. Кәсіпкерлер көбіне қандай кәсіп ашуға бейім?

– Ауылды дамытуға кәсіпкерлердің де үлесі зор. Қосшыңырау ауылдық округі мал және егін шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ. Бүгінде округ  бойынша 213 шағын кәсіпкерлік субъектілері  тіркелген.

2022 жылы 33 кәсіпкерлік субъект тіркеліп, 33 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 14 кәсіпкерлік нысанға, яғни 74%-ға жоғарылады. Барлығы 88,3 млн теңгені құрайтын 12 жобаға несие берілді.

Сонымен қатар 9 ауыл тұрғыны жал­пы көлемі 11,026 млн теңгені құрайтын мемлекеттік қайтарымсыз грантты жеңіп алды.

Аталған жобалардың басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда халық қайтадан ауылға бет бұра бастады. Ауыл шаруашылығы сала­сында жеке кәсіп ашуға ниетті тұрғындар көптігін байқауға болады. Мұның барлығы мемлекет қолдауы десек артық айтқандық емес.

– Тұрғындар қандай мәселе бойынша сізге өтініш айтып келеді? Шешімін тапқандар бар ма?

– Қазіргі уақытта «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы» негізінде жұмыс жасаудамыз. Ауыл тұрғындары тарапынан айтылатын негізгі мәселелер газдандыру, жол жөндеу, электр қуатымен қамтамасыз ету. Бұл бағытта шешімін тауып жатқан мәселелерді сөзімнің басында атап өттім.

– Халық газды күтіп жүргені белгілі. Ауылға газ қашан беріледі?

– Ауылдық округтегі ең өзекті мәселе – ауылды газдандыру. Тұрғындар сұранысына сай бұл жоба биыл қолдау тауып, қаржысы бөлінді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Газдандыру жұмыстарын  алдағы наурыз-сәуір айларында бастау жоспарлануда.

Дайындаған

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: