Дүйсенбі, 06 ақпан, 17:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10 (1917)
04.02.2023
PDF мұрағаты

Аймақта коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі анықталды

08.12.2022

209 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 25847 жағдайы анықталды. Оның ішінде 16 938 жағдай ауру симптомдарымен болса, 8909 дерегі клиникалық белгілерінсіз анықталды. Бұл туралы Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері 6413 адам коронавирус індетіне шалдыққан, оның ішінде 1206 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Ағымдағы жылдың қараша айында 51 дерек, желтоқсан айының бес күнінде 10 жағдай есепке алынды.
Облыс көлемінде емханаларда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинаның І-ші компонентін екпе алуға тиісті контингенттің 95процент, ІІ-ші компонентін 94 процент алған. Ревакцинациялаудан 266 029 тұрғын өтті. Қайта ревакцинациялаудан өткендер саны – 66 630. Бүгінгі күні облыста КазВак, Синофарм және Пфайзер вакциналарының қоры бар.
Айналымда әлі де коронавирус инфекциясы бар. Қазақстанда толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамы вирусының айналымы анықталып, оның 0,5 процентінде «Цербер» субгенетикалық желісі табылды.
Жаңа «Цербер» штамының белгілері омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Ауру көбінесе жіті респираторлық аурудың жеңіл түрінде болады. Қызудың көтерілуі, буын ауруы, аздап мұрыннан су ағу, әлсіздік болуы мүмкін, кейбіреулерінде ішек аурулары болады. Штамм тез жұғуымен ерекшеленеді, алайда аса қауіпті емес.
Науқастарды диагностикалау және емдеу басқа COVID-19 штамдарынан ерекшеленбейді. Инфекциядан қорғаудың тәсілі – COVID-19-ға қарсы вакцинацияның аяқталған курсы және ревакцинация. Сондықтан вакцинация мен ревакцинацияның пайдасына дұрыс таңдау жасау керек, бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұруға өз септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, жеке бас гигиенасын, қолды сабындап жууды, антисептик қолдануды ұмытпау керек, адам көп жиналатын орындарға баруды мүмкіндігінше шектеу қажет, қоғамдық көлікке мінгенде, халық көп болатын орындарда маска киюге кеңес береміз. Бұл сақтық шаралары ауа тамшылары арқылы таралатын инфекциялық аурулардан қорғайды. Ауруды жұқтырып алу қаупін төмендетеді.

Тағы да оқыңыз: