Сенбі, 04 мамыр, 09:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Алматының «Терренкур» тоғанында 50 метрлік сырғанақ салынады

10.01.2024

362 0

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда халықтың игілігі үшін «Терренкур» демалыс аймағының тоғанында қысқы тюбингтерге арналған 50 метрлік сырғанақ салынып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, «Снежная слайд» әлеуметтік жобасы жеке қаражат есебінен жүзеге асады. 

«Бұл үшін күзгі мезгілде тоғаннан су сорылды. Қысқы маусым біткен соң құрылым бөлшектеледі. Басты ерекшелігі –  сырғанақ тоғанда салынғандықтан мұнда шұғыл бұрылыс тәрізді қауіп жоқ. Құрылым 20 градус бұрышта орнатылып, 5 арнаға бөлінген, әрқайсысы арнайы тормен қоршалған. Сонымен қатар мәреде тежегіш тор және арнайы жұмсақ қаптар бар», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы

Сырғанап болған соң демалушылар үрлемелі баллондарды дөң басына өздері әкелмейді, ол үшін арнайы фуникулер бар. Бұл ретте сырғанаққа келушілер қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан өткен нұсқаушылардың бақылауында болады. Сондай-ақ кешен аумағындағы террассада қоғамдық тамақтану орындары бар демалыс аймағы ұйымдастырылады.

«Ашылуы 15 қаңтарға жоспарланған. Баллонды бір сағатқа жалға алу –  3 мың теңге. Бір рет сырғанау – 500 теңге. Жұмыс кестесі туралы қосымша хабарланады», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: