Сенбі, 27 сәуiр, 20:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан Қызылорда облыстық ҚАЖД пробация есебіндегі 72 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған

16.08.2023

344 0


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация есебіндегі 1000-ға жуық сотталғанның 54-і сот үкімімен тағайындалған -қоғамдық жұмыс атқару арқылы жазаларын өтсе, 18-і әлі де өтеп жатыр.

– Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар сот үкімімен тағайындалған қоғамдық жұмыс түріндегі жазаларын жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерге тазалық жұмыстарын жүргізу арқылы өтеуде. Пробация қызметі тарапынан олардың жазасының орындалуы қатаң бақылауға алынған. Сот үкімімен оларға 10 сағатттан 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды орындау міндеттелген. Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар жұмысын тиянақты, уақытылы, күнделікті күніне 4 сағат көшені тазалау жұмыстарын атқарады. Сондай –ақ сот үкімімен жазасына қосымша жаза ретінде мәжбүрлі еңбек тағайындалғандар да бар. Олар да белгілі бір біліктілікті қажет етпейтін жұмыстарға тартылуда. Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға ешқандай ақы төленбейді. Сотталған азамат қоғамдық жұмысқа тарту жазасымен есепке алынғаннан кейін, 10 күн ішінде жергілікті атқару органдарына жолданып,сол жерде жұмысын бастайды. Сот үкімімен белгілеген жазаларын толық өтеген соң, пробация есебінен шығарылады. Жыл басынан 72 азаматқа қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалса, оның жартысыан көбісі жазаларын толық өтеп, есептен шығарылды. Қазіргі таңда 18 сотталған қоғамдық жұмысын атқарып жатыр»,- деді ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғ.Құлманов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: