Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бар қазақты біріктірген игі қадам

05.05.2021

11930 0

Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді еншілегенімізге жыл толған кезде Алматы қаласында дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өткен еді. Небір нәубетті оқиға­ларды бастан өткізіп, әлемнің түкпіртүкпірінде тарыдай шашылып жүрген қандастарымызды біріктіруде, армандарын бір арнаға тоғыстыруда, ұлтты ынтымаққа ұйыстыруда, бірлігін нығайтуда бұл шараның септігі  көп тиді. Мұны сол 1992 жыл­ғы алғашқы құрылтайдың нәтижелеріненақ көруге болады

Бар қазақты біріктірген игі қадам

Тәуелсіздік алғалы бері дүниежүзі қазақтарының құрыл­тайы 5 рет өткізілген. Тәуелсіз Қазақстанның жылнамасына үңілсек, 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматыда дүниежүзі қазақтарының өкілдері қатысқан алғашқы құрылтай өткен. Статистикалық мәліметтерде құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн 537 мыңға жеткен деген дерек бар.  Мен қазақпын деген әрбір азаматтың арманын бір арнаға тоғыстырған келелі жиынға ТМД ел­дерінен 350 адам және көптеген шет елден делегаттар қатысты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеуметтік, мәдени орталықтарында болып, атажұртымен қауышты.

Бар қазақты біріктірген игі қадам

Айтулы шарада Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасы: «Құшағымыз бауырларға айқара ашық» деп бүкіл әлемдегі қазақтарды өздерінің тарихи Отанына, бабаларының қаны тамған атамекеніне көшіп келуге шақырды. Араға жыл салып елімізге Моңғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. Ұлы көш әлі күнге дейін тоқтаған емес. Ал 1991 жылдан 2014 жылдың 1 қазанына дейінгі аралықта Қазақстанға қоныс аударған қазақ отбасыларының саны 258786-ға жеткен.

Дүниежүзі қазақтарының 2-ші құрылтайы 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өтіп, онда тарихи Отанына оралуды аңсап жүрген  қандастар мәселесі әңгіме арқауына айналды. Түркі халықтарының рухани астанасы саналатын Түркістандағы құрылтайға алыс және жақын 32 шет мем­лекеттен 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда қандастардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квота­сының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды.

Ел тари­хындағы айтулы оқиғаның бірі саналатын  3-ші құрылтай 2005 жылы 27-28 қыркүйекте елордада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттен, соның ішінде Ресей, Қытай, Аустрия, Чехия, Норвегия, Италия, Сингапур, Мысырдан 300-ден аса өкіл, сондай-ақ еліміз бойынша 200-ден астам адам қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақтарды Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи Отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.

Ал 4-құрылтай 2011 жылдың 25-27 мамыры аралығында елордада өтіп, алқалы жиынға 35 таяу және алыс шет елден, елі­міздің барлық аймағынан 700-ден астам қонақ қатысқан болатын.

Төрткүл дүние көз тіккен «ЭКСПО-2017» көрмесі ел­ордада өтер шақта әлемдегі бар қазақтың басын қосқан 5-құрылтай өтті. Бұл құрылтайға әлемнің 38 елінен өкілдер ат басын бұрды. Құрылтай аясында «Халифа Алтай және тарихтың оралуы» атты халықаралық конференция өткізіліп, делегаттар үшін елорданың көрікті жерлеріне, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне, «Этно-ауыл» кешеніне саяхаттар ұйымдастырылды.Сонымен бірге бірқатар министрліктерде дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіліп, келелі мәселелер ортаға салынды. 

Қазақ баласы үшін құрылтай ерекше маңызға ие. Өйткені дәл осы жиында әлемнің әр қиырында жүрген бауырластардың тағдыры, ертеңі сынды мәселелер күн тәртібіне қойылады. Әлемнің әр қиырында жүрсе де туған топырақтың, атажұрттың өсіп-өркендеуіне тілекші қандастар қашанда тарихи Отанына табан тіреуге асығады. Ұланғайыр даланы ғасырлар мекендеген ұлы халықтың ұландары осылайша әрбір ағайынды құшағына басуға мүмкіндік алды.

Ә.ЖҰМАДІЛДӘҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: