Жұма, 29 наурыз, 01:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттама жарамсыз деп танылды

17.10.2022

498 0

Астана қаласы Байқоңыр ауданының соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп таныды.

Сотта анықталғандай, қоғамдық бірлестіктің жалпы жиналысында Әлтаевтың кандидатурасын ұсынуға 6 адам қолдап дауыс берсе, 11 адам қарсы болған.»Осылайша жалпы жиналыс кезінде РҚБ мүшелерінің көпшілігі Әлтаевты РҚБ атынан кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынуға «қарсымын» деп дауыс берді», – делінген Астана қаласы сотының сайтында.Сот жалпы жиналыстың хаттамасы РҚБ жарғысының талаптарына қайшы келеді және шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді.Бұған қоса, жалпы жиналысқа қоғамдық бірлестіктің мүшесі емес және дауыс беру құқығы жоқ адамдар да қатысқан.Байқоңыр ауданы сотының шешімімен республикалық қоғамдық бірлестіктің жалпы жиналысының хаттамасы жарамсыз деп танылды.Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.Еске салсақ, Нұржан Әлтаев «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын ұсынған болатын. Алайда көп ұзамай ОСК-ға РҚБ-ның бірқатар филиал басшыларынан хаттаманың бұрмаланғаны туралы арыз-шағым түсті. Осыдан кейін ОСК Әлтаевтың кандидатурасын қарау процесін уақытша тоқтатты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: