Жұма, 29 наурыз, 02:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Ислам республикасының төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

11.08.2022

721 0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Самадзаде Саберді қабылдады.

Кездесу барысында Иран мемлекетімен ынтымақтастықты кеңейту және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.

Биыл екі ел арасындағы ашық және сенімді дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.

Иран Республикасы әлемдегі ең ірі жүгері импорттаушы мемлекеттердің бірі ретінде жыл сайын шамамен 4 млн. тонна жүгеріні сырттан сатып алуда. Осы ретте, облыс аумағында ирандық әріптестермен бірлесіп жүгері өсіру және Иранға экспорттау мәселелері талқыланды.

Бұған қоса, нарықты ішкі өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында ирандық тәжірибемен жеміс-жидек және көкөніс өсіруге арналған жылыжай кешендерін салу мүмкіндіктері де айтылды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ирандық кәсіпорындарды мал өсіру және ет өндеу бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға шақырып, ашық әрі тиімді байланыс орнатуға дайын екендігін жеткізді.

Кездесу соңында облыс әкімі Иран Ислам Республикасының Елшісіне екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: