Бейсенбі, 28 наурыз, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы: Тапсырма тиянақты орындалуы керек

12.04.2022

689 0

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында елдегі әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары және отандық ғылымды дамыту мәселелері қаралды. Жиында ведомство өкілдері мен барлық өңірдің әкімдері қатысты.

Үкімет басшысы инфляцияны ұстап тұру, экономикалық көрсеткіштерді арттыру мен азық-түлік қорын молайту бағытында және ғылыми әлеуетті көтеру, жастарды ғылымға тарту сынды бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жиыннан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев орынбасарлары мен барлық басқарма басшыларына Үкімет қойған негізгі талап шеңберінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтеруде жұмысты ширау қажет екенін алға тартты. Сала сала бойынша негізгі басымдықтарға жете мән беріп, талдау жұмыстарын қарқынды жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, өңірді дамытудың өзекті мәселелері облыс әкімінің төрағалығымен өтетін алдағы актив отырысында жан-жақты қаралатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: