Жексенбі, 08 желтоқсан, 08:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Ауыл әкімдері партиялық оқудан өтеді

13.06.2022

874 0

Президент Қ. К. Тоқаевтың «AMANAT» партияның кезектен тыс XXII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында, 2022 жылғы 13 маусымда Қызылорда қаласында партияның Саяси менеджмент академиясы ұйымдастыруымен «Табыстарды ұлғайту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі саласындағы басшылардың құзыретін арттыру» тақырыбында ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларына арналған оқу семинары басталды.

13-22 маусым аралығында 3 кезеңге жоспарланған семинарға өңірден 146 кент және ауылдық округ әкімдері мен партияның 11 аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары оқытылады.

Оқу барысында қатысушылар ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды, ауылдың мамандануын анықтауды үйренеді. Сондай-ақ, ауыл әкімдері ауылда әлеуетті табысты бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын меңгереді. Қастысушылар оқу курсының соңғы күні арнайы тест сынақтарын тапсырып, арнайы сертификаттарға ие болады, – дейді семинардың ашылу салтанатына қатысқан «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова.

Бұл оқу курсы ауыл әкімдеріне ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыстарын нақты арттыруға қол жеткізуге, «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Бағдарлама басымдықтарының бірі: ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру; туризмде жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың табысын арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік табыстың өсуін ынталандыру.

Оқу барысында практикалық дамытуға да баса назар аударылған. Қатысушылар алған білімдерін іс жүзінде (жем дайындау, етті, сүтті бағыттағы мүйізді ірі қара малын өсіру, сұлулық салоны, тігін шеберханасы және т.б. мысалында) пысықтайды. Әр жобаны нақты есептеп, жұмыс жасайды.

Кейіннен курс тыңдаушылары бұл материалды басқа жобалар үшін шаблон ретінде пайдалануға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, семинар нәтижелері бойынша қатысушы ауыл бизнесінің скринингін өз бетінше ұйымдастыруға және жүргізуге, бизнес-жоспарларды дайындауды үйреніп, жобаларды қаржыландырудың, сертификаттау мен стандарттаудың мүмкін көздері туралы толық ақпарат алауына ықпал етпек.

Атап өту керек, «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы жыл соңына дейін еліміздің барлық облыстарындағы ауыл әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын оқытуды жоспарлап отыр, бұл 2500-ден астам азаматты құрайды.

Ауыл әкімдері партиялық оқудан өтеді
Ауыл әкімдері партиялық оқудан өтеді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: