Жексенбі, 08 желтоқсан, 02:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Ауыл тұрғындары референдумды қолдайды

27.05.2022

751 0

«AMANAT» партиясы жанындағы облыстық, аудандық штаб мүшелері Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға алдағы референдумның маңыздылығы айтылып, дауыс беру ережелері түсіндірілді.


Штаб мүшелері Ата заңға енгізілетін өзгерістердің болашақта халықтың жағдайының жақсаруына оң әсер ететінін баса айтты.


«Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейте отырып, сайлау жүйесін реформалау, жаңа саяси партиялардың құрылуы маңызды. Сондықтан әрбір азаматтың ұсынысы, қолдауы және белсене атсалысуы референдумның іске асуына ықпал етпек. Бұл референдум арқылы тарихи шешімдер қабылданады.


Сондықтан ел тағдырына бей-жәй қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек», деді өз сөзінде аудандық штаб төрағасы Еркебұлан Жақып.


Жиынға келген ауыл тұрғындары реформаларды қолдап, референдумға белсенді қатысатындарын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: