Жұма, 26 сәуiр, 09:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бүгін Президент бірнеше Жарлыққа қол қояды

26.11.2022

406 0

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік құрылыста біз «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нақты ұстанамыз. Президент сайлауы биліктің барлық негізгі институтын дәйекті түрде жаңғырту үдерісін бастауға жол ашты. Сайлау ауқымды электоралды циклдің бастапқы кезеңі болды.

Біз саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырамыз. Бүгін мен «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қоямын. Осылайша, жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болмақ. Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады.

Бұдан бөлек, бүгін мен конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қоямын. Келесі кезең – оны толыққанды трансформациялау», деді Мемлекет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: