Сейсенбі, 21 мамыр, 06:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Ең жас сайлаушы дауыс берді

20.11.2022

647 0

Бүгін республика аумағында кезектен тыс Президенттік сайлау өткізілуде. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастап, қазіргі уақытта ерекше сайлаушыларды қабылдауда.

Ерекше деуіміздің себебі, сайлаушылардың арасында кәмелеттік жасқа толып, алғашқы рет дауыс берген тұрғындар да бар.

Маханбетияр Нұржан Қазалы гуманитарлы – техникалық колледжінің студенті. Осы жылы 18 жасқа толып, сайлау құқығына ие болған жас сайлаушы бұл мүмкіндікті қалт жібермей, өзінің азаматтық борышын абыроймен орындады.

Жас студенттің айтуынша, алғашқы рет сайлауға қатысу өте қызықты, әрі үлкен жауапкершілікке ие сәт. Өйткені, еліміздегі тарихи күні оның да дауысы ескерілетін болады.

Сонымен қатар, аталған білім ордасында дауыс берген жас сайлаушыға естелік сыйлық табыс етілді.

Естеріңізге салсақ, бүгін 20 қарашада Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлаудың бір ерекшелігі – жеңіске жеткен президент міндетін 7 жыл атқарады.

Биылғы президент сайлауына барлығы алты кандидат ұсынылды. Олардың қатарында қоғам қайраткері Қарақат Жақсылыққызы Әбден, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев, «Ауыл» партиясы ұсынған кандидат Жигули Дайрабаев, «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан Мейрам Зекешұлы Қажыкен, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова мен Қасым-Жомарт Тоқаев бар.

Айта кетерлігі, Қызылорда қаласында барлығы 120 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар таңғы сағат 7.00-ден бастап, кешкі сағат 20.00-ге дейін өз таңдауларын жасай алады. Өз сайлау учаскеңізді «109 бірыңғай байланыс орталығына» хабарласу арқылы, Ұялы телефон арқылы «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасынан немесе saylau.orda.gov.kz сілтемесіне кіріп, «Өзіңді сайлаушылар тізімінде тексер» деген атаумен арнайы баннерден білуіңізге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: