Сенбі, 20 сәуiр, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

«Келесі мәселеміз – Қазақстан»: Ресей мәлімдемесі нені білдіреді?

23.11.2022

624 0

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ресейлік федералды арнадағы сарапшының Қазақстанды «Украинадан кейінгі мәселе» деп атаған мәлімдемесін қатаң айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Вечер с Владимиром Соловьевым» атты Ресейдің мемлекеттік арнасында шыққан хабардан үзінді жарияланып, онда қатысушылар Қазақстанда да Украинадағыдай «нацистік» процестер басталуы мүмкін деп, «Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан» деп мәлімдеген.

Бағдарламаның нақты қай күні түсірілгені белгісіз.

«Әрине мен бұған дейін нацистік сынақтарды ешқашан кездестірмедім, себебі олар біздің елімізде жоқ. Біздің ойымызша, бұл біріншіден, Ресей билігінің ресми ұстанымы емес. Екіншіден, бұл Қазақстан мен Ресейдің дәстүрлі тығыз қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Үшіншіден, Ресей билігінің оған реакция білдіргені жөн деп санаймыз», – деді Василенко мәжіліс залында.

Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша Ресей елшісін шақырту жоспарланып отыр ма деген сұраққа Василенко қазір ондай ақпарат жоқ деп жауап берген.

Ресей саясаткерлері мен сарапшылары Қазақстанды «денацификациялау қажеттігі» туралы бұған дейін де мәлімдеген. Биыл наурызда Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов Украина үлгісі бойынша Қазақстанды да «денацификациялау» және «демилитаризациялауға» шақырған. Сол кезде Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «айтылған әрбір мәлімдемелерді жеке-жеке қарастыру керек және сол деңгейде жауап беру керек» деп мәлімдеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: