Бейсенбі, 25 сәуiр, 10:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Көптің көкейіндегі сұрақтар қойылды

19.02.2022

616 0

Бейсенбі күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық арнаға берген сұхбатын тыңдадым. «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде орын алған елдегі ахуал турасында да жан-жақты сараптап берді. Бейбіт шеруге шыққан қарапайым тұрғындар мен бүлікші топтың аражігін ажырату күрделі мәселе екенін, алайда ақ пен қараның анықталары ашық айтылды. Бұл халықтың көңіліне қонымды сөз болды деп ойлаймын.

Одан бөлек Қазақстанның Ресеймен арақатынасы жайы да ашық айтылып, ел көкейінде жүрген сұраққа нүкте қойылды.

Президент бұл тұрғыдағы сауалға былай жауап берді:

«Иә, расында да, кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан «Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі» деген сөздер айтылды. Бірден кесіп айтайын. Бұл – ақылға сыймайтын, орынсыз пікір. Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Маған Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан. Сондықтан алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Шекарамыз толық айқындалған, бекітілген. Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды» – деді.

Ендеше алыпқашпа әңгімеге еріп арандаудың қажеті жоқ.

Сұхбат түйінінде Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, ол – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Отанын қорғау, халқының амандығын сақтау – әр азаматтың борышы» – деп атап өтті.

Міне, сұхбаттың салмағын осыдан таразылай беріңіз. Ендеше елдік жолындағы еңселі істеріміз бұдан да қарымды боларына кәміл сенеміз.

Сұлтанбек ТӘУІПБАЕВ,

қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: