Жұма, 29 наурыз, 17:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Мәжіліс депутаты ХҚКО мамандарымен кездесті

19.05.2022

708 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандарымен кездесті.

Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен кездесу депутат ағымдағы жылдың 5 маусымы күні өтетін референдумның маңыздылығы жайында әңгіме өрбітті.

«Ел Президенті реформа жасау халықтың келешегі үшін қажет екенін атап өтті. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас-тың тепе-теңдігін және оңтайлы болуын қалыптастыратыны байқалады. Сондай-ақ президенттік институттың барынша дербес болуын қамтамасыз ететіні көрінеді.Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің құзіретке ие болу тәртібі де едәуір өзгеретіні нақтыланды. Жергілікті билікке қатысты Президенттің өкілеттігі азайып, ол мәслихаттардың рөлін айтарлықтай арттыру арқылы өңірлік деңгейдегі әкімдердің қолына жинақталады.Сондықтан, халық өз таңдауын жасап, талапқа сай бірлігімізді, біртұтас екенімізді көрсетеді деп ойлаймын», – деді Ғалым Әміреев.

Кездесуде ХҚО мамандары мәжіліс депутатына сауалдарын жолдап, Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайлы мағлұмат алды.

Жиын соңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры Айнұр Тобаева келелі кездесу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреевке алғысын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: