Сейсенбі, 16 сәуiр, 17:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы АҚШ-тағы ахуалға қатысты пікір білдірді

10.01.2021

947 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та Президент сайлауынан кейін орын алған ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде таңдау жасағаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Әлбетте, бүкіл әлем сияқты Қазақстан да Америка Құрама Штаттарында орын алған жайтты жіті бақылап отыр. Сайланған Президент Джо Байден жасаған қорытындымен келісу қажет деп санаймын. Америкалық демократияның қамалы – Капитолияны басып алу заңсыздық экстремизм екендігі сөзсіз. Заңсыздық пен экстремизмге қатысты тиісті шара қолданылуы тиіс. АҚШ Президенті Джо Байден жасаған қорытынды өзге де елдерге қатысты қолданылады деп үміттенемін. Және де бұл қорытынды әмбебап болады», деп айтып өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас тұрақты дами түсетіндігін баса айтты.

«АҚШ 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды. Сондықтан біздің тарапымыздан өзара қарым-қатынастарымызда жинақталған барлық позитивті сақтауға және алға жылжуға қажетті күш-жігер қабылданады», деді ҚР Президенті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: