Жұма, 19 сәуiр, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы Бейжіңге жұмыс сапарымен барады

01.02.2022

426 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр» – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қысқы олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Төрт жылдықтың ірі додасында жалпы 109 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Қазақстандық спортшылар 87 жолдама жеңіп алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: