Бейсенбі, 08 желтоқсан, 10:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады

22.02.2022

487 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қызылорда облысында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, облыстағы экономиканың негізгі көрсеткіштері – өндірістік өнім көлемі 0,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 14,5 пайызға, жеке инвестиция 11,7 пайызға, сауда 2,4 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 8,6 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 0,3 пайызға артқан.

Өңірде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында былтыр құны 45,2 миллиард теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылып, 456 жұмыс орны ашылған.

Сондай-ақ кездесу барысында облыс экономикасына тікелей әсер ететін негізгі проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Сырдария өзені деңгейінің күрт төмендеуі, тауарлық газдың көтерме бағасы, тасымалдау тарифінің шығындары мен жергілікті газ үлесін арттыру және агроқұрылымдардағы жер дауы мәселелері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, Үкіметпен бірлесіп түйткілді мәселелерді шешу және қолға алынған жобаларды одан әрі жалғастыру жөнінде тапсырма берілді.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: