Сәрсенбі, 30 қараша, 02:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (1899)
29.11.2022
PDF мұрағаты

Облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары тағайындалды

14.03.2022

325 0

Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары лауазымына Ахмет Берлібек Әнуарбекұлы тағайындалды.

Ахмет Берлібек Әнуарбекұлы 1979 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «Қолданбалы математика» және «Болашақ» университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қаласында «Көлік қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде компьютер бойынша инженері болып бастаған.

2003-2004 жылдары Қызылорда қалалық шағын және орта бизнесті қолдау бөлімінің маманы, жетекші маманы;

2004-2005 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің маманы, жетекші маманы,

2005-2007 жылдары Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық, инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы;

2007-2010 жылдары Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бөлім бастығы;

2010-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің талдау тобының бас инспекторы,

2015-2019 жылдары Қызылорда облысының ветеринариялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерінде болды.

2019 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

©Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: