Жұма, 29 наурыз, 20:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

18.02.2022

902 0

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында сайлау комиссияларының мүшелерімен, саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және блогерлермен сайлау процесі мәселелері бойынша үлкен кездесуі болды.

Кездесуді аша отырып, ол Орталық сайлау комиссиясының республиканың барлық өңірлеріне жұмыс сапарының циклі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отырғанын атады.

Ортсайлауком Төрағасы «Алғашқы кездесуіміздің осы Сыр бойында өтіп отырғаны да кездейсоқ емес, бұл мекен Қазақстанның тұңғыш елордасы әрі киелі топырағы болып табылады» – деп атап өтті.

Кездесуде сайлауды ұйымдастырушылар мен жергілікті жұртшылық өкілдерінің сайлау жүйесін және оның заңнамасын жетілдіру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде оны құқықтық тұрғыдан қолдану жөніндегі кешенді мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.

Талқылау барысында ОСК Басшысы Ортсайлауком мен төмен тұрған сайлау органдарының негізгі міндеті заңнамаға сәйкес барлық сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылатынын ерекше айтып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ол іс-шараға қатысушыларға сындарлы диалог, белсенді азаматтық ұстаным және сайлау процесінің өзекті мәселелерін талқылауға деген ұмтылысы үшін ризашылығын білдірді.

Қоғам өкілдері өз кезегінде Ортсайлауком басшылығына сайлау процесіне қатысушыларға өз пікірлерін білдіруге және сайлау процесін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік туғызып отырған осындай ашық алаңды ұйымдастыруға бастама жасағаны үшін алғыстарын білдірді.

Нұрлан Әбдіровтің Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ү.ж. 17-18 ақпанда Сырдария ауданына баруы және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сайланған әкімдермен, ауылдық округтердің тұрғындарымен, сондай-ақ өңір жастарымен кездесуі жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: