Бейсенбі, 02 мамыр, 08:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

ОСК Жигули Дайрабаевты Президент сайлауына кандидат ретінде ресми тіркеді

17.10.2022

498 0

Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты Президент сайлауына кандидат ретінде ресми тіркеді.

ОСК-ның мәліметінше, 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына үміткер Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы заң талаптарына сай келеді.

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасын, өмірбаянын, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжат пен жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырды.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров: «Барлық құжат Сайлау заңнамасында белгіленген мерзімде өткізілген. Президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық қажетті рәсім сақталды», – деді.

Комиссия Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы барлық талапқа сәйкес екенін растайтын қаулы қабылдады. Жигули Молдахалықұлы Дайрабаевқа Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың куәлігі берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: