Сәрсенбі, 24 сәуiр, 00:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Парламент мәжілісінің депутаты шекарашылармен кездесті

23.02.2022

768 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Қазалы ауданына іссапары кезінде «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесіне барып, шекарашылардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Елдің шетінде, желдің өтінде еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қалт жібермей күзетіп жатқан шекарашыларға алғысын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесінің келісім шарт бойынша әскери қызметшісі Абзал Сисеновке Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалін табыстады.

Мұнан соң Жанқожа Нұрмұхаммедұлының мәңгілік тыныс тапқан мекеніне арнайы барып, халық батырына тағзым етіп, оның рухына бағыштап құран оқыды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың Қазалы ауданына сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев, сондай-ақ, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев пен аудандық «Жас сарбаз» ұйымының төрағасы Әлихан Есмағамбет бірге жүрді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: