Сәрсенбі, 29 наурыз, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (1932)
28.03.2023
PDF мұрағаты

Президент Жолдауы қоғамда ерекше серпіліс тудырады

02.09.2021

571 0

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін биылғы Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты тақырыбымен өрбіді. Осылайша Президент Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.

Тәңірден келген тәтті сыйымыз Тәуелсіздігіміздің, егеменді ел болғанымыздың  30 жылдығын айрықша атап, ортақ құндылығымызды қастерлеуді айтып өтті. Ел Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған нақты жүйеленген бастамаларын жариялады.

Нақтырақ айтқанда әлеуметтің әлеуетін көтеру жолындағы іс-шаралардың қабылдануы қоғам үшін үлкен серпіліс болды. Оның ішінде: халықтың ең төменгі жалақы мөлшерін алдағы кезеңде көбейту шешімі, тұрғын үй алу төңірегінде жалпақ жұрт үшін қолжетімді нақты бағдарламаның қабылданытындығы, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің табысын арттыру пәрмені, білімнің салтанат құруы жолындағы ғылым мен білімге қолдаудың онан әрі жалғасатындығы, және тағы да басқа игі істердің шеті көрінген саяси құжат елдің көңіліне қонып, қолдау табуда.

Өз кезегінде ел басшысы ұлттың ары мен жаны, бақыты мен тірегі саналатын тіл мәселесінде қозғап, қоғам арасында теріс пікір білдірушілер үшін нақты жауап беріп, мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін және оның қазақстандықтар арасында қолдану ауқымдылығы мен аясы кеңейіп, басымдыққа ие болып келе жатқандығын жеткізді.

Әлемді әлекке салған пандемия – мемлекет, қоғам, адамзат, тіршілік жайлы ойларды сапырылыстырып жібергені белгілі. Басты құндылықты бағамдау қиын болды. Ел есеңгіреп тұрғанда Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын тыңдай отырып дер кезінде айтылған мемлекеттік ой, пікір, ұсыныстарға сусындадық. Ең бастысы  Президентіміз алда мемлекет, қоғам, әрбір Қазақстандық не істеуі керектігі туралы, басты мәселелер жайлы анық тапсырмалар берді.

Қорыта айтқанда, Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау халыққа ерекше екпін берді.

Жолдауда қамтылған барлық мәселелер ел келешегінің кемелденуіне сеп бола алады деп сенемін.

Шәкизат ҚАРАТАЙҰЛЫ

«Рухани жаңғыру» орталығы КММ-нің бөлім басшысы,

Тарих ғылымдарының магистрі

Тағы да оқыңыз: