Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Президенттікке кандидаттардың теледебаты қашан өтеді?

25.10.2022

481 0

Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың теледебаты 11 қарашада «Хабар» телеарнасында өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«11 қарашада біз «Хабар» телеарнасында Президенттікке кандидаттардың қатысуымен телевизиялық дебат өткізуді жоспарлап отырмыз. Кандидаттар мен олардың штабтарының толық дайындалу мүмкіндігі болуы үшін біз бұл туралы ертерек, сайлауалды үгіт-насихат басталған сәтте жариялап отырмыз», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сонымен бірге, ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова түсіндіргендей, Президенттікке кандидаттар сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы.

«Сайлауалды пікірталастарды өткізу тәртібі мен шарттарын Орталық сайлау комиссиясы айқындайды», – деді ОСК мүшесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: