Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 08:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова кандидатурасы тіркелді – ОСК

20.10.2022

646 0

Бүгінгі өткен Орталық сайлау комиссиясының 19-шы отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылдың 11 қазанында Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды. Салтанат Пархатқызының лингвистикалық емтихан нәтижесі бойынша  қазақ тілін еркін меңгергендігі анықталды. Кандидатқа сенім білдіріп, Қазақстанның 18 өңірінен-119 316 азаматтың қолы жиналды. Оның 118 434-і анық деп танылды, – деді  Асылбек Смағұлов.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының  мүшелері тиісті хаттамаға қол қойып, Салтанат Пархатқызының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді.

Еске сала кетейік, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан президенттігіне құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованы кандидат ретінде ұсынған болатын. Тұрсынбекова мемлекеттік органдарда, Жоғарғы Сотта жұмыс істеген, Астана қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, сонымен қатар «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: