Сәрсенбі, 24 сәуiр, 00:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала кәсіпкерлері марапатталды

25.12.2020

714 0

Бүгін шаһар басшысының орынбасары Бектас Нұридинов пандемия кезіндегі қиын кезеңде қоғамның пайдасы үшін игі істер жасаған кәсіпкерлерді қабылдады.

Шарада Бектас Балғабайұлы қаламызда қауіпті індет тарап, ел басына күн туған шақта алдыңғы шептен табылып, қиналған жандарға қамқор қолын созып, қайырымды істермен көпке үлгі болған кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Ел амандығы үшін қызмет еткен жандардың алдағы уақытта да белсенді азаматтық ұстанымдарын қаланың дамуына жұмсап, қаладағы әрбір шараға бастамашыл болатынына сенім білдіріп, қиын кезеңде ел үшін атқарған еселі еңбектері үшін қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Жиын соңында қала әкімінің орынбасары барша кәсіпкерлерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қиын кезеңді табысты еңсеріп, кәсіптерінің өрлеуін тіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: