Сенбі, 20 сәуiр, 13:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қант тапшылығын реттей алмаған министрлерге сөгіс жарияланды

14.07.2022

303 0

 Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қант тапшылығын реттей алмаған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде бұрын іске қосылған жеті қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істеп тұр – Алматы және Жамбыл облыстарында. Олардың өзі тек үштен бір қуатымен ғана жұмыс істейді. Жүктелімі – 31% ғана. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша қантының үлесін 2026 жылға қарай 6 есе 7%-дан 43%-ға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Алайда, кейінгі төрт жылда қант қызылшасының алқабы үштен бірге қысқарып кеткен», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның сырттан келетін қантқа 90% тәуелді екенін еске салды.

«Бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақтың аясындағы шешімдерге сілтеуге болады. Бірақ, бұл – бәрібір Үкіметтің зор кемшілігі, яғни мемлекеттің ұстанымын қорғай алмады. Сондықтан, мен министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын.

Үкіметке шұғыл тәртіпте қант саласын дамытудың жеке салалық жобасын әзірлеу керек. Ондағы мақсат – импортқа тәуелділікті айтарлықтай қысқартып, өзіндік қамтамасыз етуге біртіндеп көшу», – деді Мемлекет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: