Бейсенбі, 30 қараша, 12:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2001)
28.11.2023
PDF мұрағаты

Қазақстанда жастардың даму индексі енгізілмек

15.01.2021

5875 0

Қазақстанда жастардың даму индексін енгізген жөн. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру негізгі міндеттің бірі. Үкімет 2020 жылы жастарды қолдау жөнінде кешенді жоспар қабылдады. Тәуелсіздік ұрпақтары атты ұлттық жоба, Мемлекеттік жастар саясаты және волентерлік қызмет туралы заңдар дайындалып жатыр. Депутаттар «жастардың әлеуметтік қызметтері« деген ұғымды заң жүзінде рәсімдеуі керек. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, Қазақстанда жастардың даму индексін енгізген жөн. Жергілікті атқару органдарының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты жұмысы соның негізінде бағаланады «, – деді Мемлекет басшысы.

 

Жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: