Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы референдум: exit poll нәтижесі шықты

06.06.2022

1019 0

 Exit poll Қазақстандағы Конституциялық түзетулерге байланысты референдум нәтижесін шығарды.

«Социс-а» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының экзитполының нәтижелері бойынша:

«Иә» деп 76,7 пайызы;

«Жоқ» деп 23,3 пайызы дауыс берген. 

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты экзитполының мәліметтері бойынша қатысушылардың 74,8 пайызы «иә» деп дауыс берсе, 25,2 пайызы қарсы дауыс берген. Зерттеуге сәйкес, 70,1 пайыз адам келген.

«Демократия институты» жүргізген экзитпол нәтижелері бойынша 79,4 пайыз дауыс берді, қатысушылардың 20,6 пайызы қарсы дауыс берді. Дауыс беруілердің 66,3 пайызы келген.

Айта кетейік, Экзитпол – әлемдік әлеуметтанулық тәжірибеде пайдаланылатын, дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шығу кезінде әлеуметтік қызметтер жүргізетін азаматтарға сауалнама жүргізу рәсімі.

Еске салайық, 5 маусымда таңғы 07.00 мен 20.00 аралығында Конституциялық түзетулерге байланысты референдум өтті. 

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?». Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беруі керек болды.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: