Бейсенбі, 18 сәуiр, 17:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның барлық өңірінде дауыс беру өтіп жатыр

20.11.2022

379 0

 Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру басталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 08.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар 16 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 51 учаскеде жергілікті уақытпен дауыс беру басталатын болады. Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 050 учаскеде өтуде», – деді Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, астана уақытымен сағат 08.00-де еліміздің 5 өңірінде дауыс беру басталған болатын. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында – 517, Атырау облысында – 261, Қызылорда облысында – 373, Маңғыстау облысында – 243 және Батыс Қазақстан облысында 505 учаске ашылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: