Сенбі, 07 желтоқсан, 22:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Қазақтар, Украинаға қараңдар да, жақсылап ойланыңдар»

28.04.2022

735 0

СІМ ресейлік журналистің осынау даулы мәлімдемесіне пікір білдірді.

«Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның орынсыз қорлайтын және объективті емес сөздері еріксіз назар аударады. Бәлкім, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін болар. Алайда елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сай келмейді», – деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы.

Ол сөзін жалғай отырып, мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландыратынын және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түсетінін айрықша атап өтті.

«Ол Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын», – деді Смадияров.

Айта кетсек, Ресей тележүргізушісінің мәлімдемесі әлеуметтік желіде тарады. Онда ол қазақстандықтарға сес көрсеткен болатын. 

“Қазақтар, алғыстарың қайда? Сендер Ресейді дүниежүзінен жоқ болып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Украинаға қараңдар да, жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар біздің қарым-қатынасымызды қайта қарауы керек. Қателесесіңдер! Сендерде әлі уақыт бар. Соңғы вагонға үлгеріп қалуларың да мүмкін. Қазір үлкен соғыс жүріп жатыр. Осы орайда, бізді кім қолдайтынын дұрыстап бақылау керек. Жетер! Өтірік ойнап болған шығарсыңдар. Билікті құтқарып, былығыңды реттеуге қайтарымсыз көмек сұрауларыңды доғарыңдар! Парад өткізбейміз дегендерің не?», – дейді ол.

Stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: