Бейсенбі, 25 сәуiр, 17:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болды

03.08.2022

696 0

1 тамыздан бастап Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті төрағасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуаға сілтеме жасап.

Қытай Халық Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Чжан Цзюннің төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ішкі консультациялары өтті, онда органның тамыз айындағы жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, тамыз айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бірқатар мәселелерді, соның ішінде Йемен, Сирия, Ливия, Таяу Шығыс, Палестина және терроризммен күрес мәселелерін қарастырады. Қытай тарапының бастамасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі «Жалпы қауіпсіздікті қолдау» және «Африка елдерінің әлеуетін арттыру» тақырыптары бойынша екі арнайы отырыс өткізеді. Тұрақты өкілдің айтуынша, Қытай БҰҰ-ның даму саласындағы күн тәртібін ілгерілетуде. Чжан Цзюнь Қытайдың БҰҰ алдындағы қаржылық міндеттемелерін әрдайым белсенді орындағанын растады. ҚХР — БҰҰ тұрақты және бітімгершілік операциялар бюджетіне төленген жарналар көлемі бойынша екінші мемлекет.


 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: