Жексенбі, 08 желтоқсан, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

07.04.2022

1061 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

Үкімет басшысы мәслихат депутаттарына Қызылорда облысының әкімі лауазымына Нұрлыбек Нәлібаевты тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсыныс-хатын оқып берді. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 

2021 жылғы 1 сәуірден осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: