Сәрсенбі, 24 сәуiр, 21:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 56 әкім біліктілік курсынан өтті

19.06.2022

742 0

«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырып отырған көшпелі семинардың екінші кезеңінде өңірден 56 ауыл және ауылдық округ әкімдері біліктілік курсынан өтті.

Олардың біліктілігін арттыру үшін Саяси менеджмент академиясы толыққанды дайындық бағдарламаларын әзірледі. Бүгін қатысушылар өздері басышлық ететін ауылдық округке скрининг жасап, анықталған деректерге сәйкес тиімді бизнес жобаларды дайындау, әрбір ауылдық ерекшелігіне, мамандануы негізінде кооперация құру, сонымен қатар ауылдағы дайын өнімді стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік нормалары төңірегінде практикалық курстардан өтті. Оқу барысында олар тәуекелдер, күтпеген жағдай туындаған кездерде бизнесті қайта бағдарлауға машықтанды.

3 күннен, күніне 8 сағаттан білімін жетілдіріп жатқан ауыл әкімдері ауыл халқының табысын арттыруға, елді мекенді экономикалық тұрғыда өркендетуде алып жатқан білімдерінің септігі зор екендігін айтады.

Мәселен, Сырдария ауданына қарасты Н.Ілиясов ауылының әкімі Сағдат Нұрмағамбетов дайын өнімді стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік нормаларын үйрену ірі бизнес жобаларды жүзеге асырып отырған ауыл әкімдері үшін өте қажет деп санайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: