Жексенбі, 08 желтоқсан, 11:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Референдум – демократия бастауы

28.05.2022

889 0

«AMANAT» партиясы жанындағы референдумды қолдауға арналған республикалық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев «Сыр медиа» ЖШС ұжымымен кездесті.

Кездесуде 5 маусымда өтетін референдумға байланысты бастамалар айтылды.

− Саяси референдум шын мәнінде демократия орнатуға бағытталған. Мұны сіздер, БАҚ өкілдері жақсы білесіздер. Бұл бастамада осы кезге дейін халықтың көтеріп келген тың мәселелері кеңінен қарастырылған. Соның ішінде партияларды тіркеуге байланысты халыққа оңтайландырылған бастамалар бар. Одан бөлек депутаттарды сайлауда да халықтың дауыс беру мүмкіндіктері қарастырылған, − деді мәжілісмен Ғалым Махмұтбайұлы.

Халық қалаулысы өз сөзінде сондай-ақ «Қаңтар оқиғасынан» кейін анықталған кемшілікті айтты. Оның сөзінше, қаңтардан кейін депутаттар кездесу жүргізгенде азапталған азаматтарды қорғайтын арнайы органның жоқ екеніне көз жеткізген. Енді мұндай шағымдар Конституциялық заң шеңберінде қарастырылатын болады. Кездесу­де осы секілді маңызды өзгерістерге бағытталған саяси реформаға әр азамат қатысуы керектігі айтылды.

Журналистер қауымымен өткен кездесуге сонымен қатар облыстық, қалалық штаб өкілдері Сәрсенкүл Бихожаева, Анар Ізден мен Есенжол Назаров та қатысты. «AMANAT» партиясының аймақтағы халық қалаулылары референдумның маңыздылығын айтып, 5 маусымда саяси өзгерісті қолдауға шақырды.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: